1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай орталығымызда күндізгі келу тобы балаларының қатысуымен ерекше ертеңгілік өтті.
Іс-шара барысында балалар әртүрлі ұлттардың әндерін айтып, билерін билеп, қызықты ойындарға белсене қатысты. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, достық, татулық және бірлік құндылықтарын насихаттады.
Балалардың қуанышты сәттері мен шынайы эмоциялары мерекенің сәнін келтірді. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, ел бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Баршаңызды 1 мамыр – Бірлік күні мерекесімен құттықтаймыз!





