Бүгін біздің орталықта сиқырға толы Жаңа жылдық ертеңгілік өтті ✨
Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, жарқын кейіпкерлермен жүздесті:
🕌 Алладин мен Жасмин,
🧙♂️ айлакер Джафар және оның көмекшісі — тоты құс,
🐭 көңілді тышқан,
🧞♂️ құдіретті Джин,
🎅 Аяз ата мен ❄️ Ақшақар.
Біздің кішкентай батырларымыз еш қиындықтан қорықпай, бірлесе әрекет етіп, Ақшақарды сиқырдан құтқарып алды.💙
Мереке балаларға шаттыққа толы сәттерді, күлкі мен жарқын эмоцияларды, нағыз Жаңа жыл ғажайыбын сыйлады ✨
🙏 Қали Байжанов атындағы филармонияның «Арай» ансамбліне әсерлі, мейірімге толы және есте қаларлық қойылымы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Жаңа жыл құтты болсын! 🎁🎄
Алдағы жыл бақыт, денсаулық және сиқырға толы сәттерге толы болсын ✨





