Қарағанды облысы білім басқармасының "№1 оңалту орталығы"КММ
Ресми интернет-ресурс

Оңалту орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңа құрал-жабдықтар және диагностикалық кешендермен толықты!

2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 ҚР Білім және ғылым министрінің «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтар мен жиһазбен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, орталықтың материалдық-техникалықбазасы жаңа диагностикалық кешендермен толықты:

? «Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуын тексеруге арналған кешен»
? «Интеллект бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруге арналған кешен» («Центр САТР» ЖШС әзірлеген диагностикалық әдістемелер жинағы)

Орталықтың педагогтары командалық бағалау аясында осы кешендерді қолдану бойынша шеберлік сабақ өткізді. Мамандар командалық бағалауды жүргізу алгоритмімен, диагностикалық процедуралардың құрылымымен және жаңа құралдардың мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар, орталық нейропсихологиялық түзетуге арналған тиімді құрал — Бильгоу тақтасын сатып алды. Педагогтар жаттығуларды өздері орындап көріп, дененің белсенді «қосылатынын», назар мен ойлау әрекетінің жандана түсетінін атап өтті.

Бильгоу тақтасы — жай ғана тренажёр емес, бұл дамытуға, түзетуге және нейростимуляцияға арналған қуатты құрал.

МТБ-ның толықтырылуы балаларды диагностикалау мен сүйемелдеудің сапасын арттыруға, сондай-ақ мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.