Қарағанды облысы білім басқармасының "№1 оңалту орталығы"КММ
Ресми интернет-ресурс

Ұлттық рухты ұлықтаған Тәуелсіздік мерекесі

Бүгін оңалту орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай әсерлі ертеңгілік болып өтті. Балалар ұлттық билерді орындап, дәстүрлі ойындар ойнап, аспаптарда ойнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында әр баланың белсенділігі мен шығармашылығы көрініп, олар өз өнерлері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Мерекелік шара балалардың патриоттық сезімін нығайтып, ұлттық рухты дәріптеген қуанышты әрі ерекше күн болды.