Қарағанды облысы білім басқармасының "№1 оңалту орталығы"КММ
Ресми интернет-ресурс

Мен бақытты баламын" облыстық жобасына қатысу

Оңалту орталығының педагогтары А. М. Кайрбекова, Н.А. Талежан, А.М. Алтымбаева "Еркетай" бөбекжай базасында Қарағанды облысының ОӘО әзірлеген "Мен бақытты баламын" облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған балабақша психологтары мен педагогтарына арналған практикалық семинарға қатысты. Жобаның мақсаты: тиімді құралдар мен әдістерді қолдану арқылы 3-5 жастағы балалардың эмоционалдық саласын дамыту және түзету үшін жағдай жасау. Семинарда балалардың эмоционалды интеллектісін дамыту, педагогтердің эмоционалды шиеленісті жеңілдету бойынша тәжірибелерімен бөлісті.